ТЕХНОЛОГИЯ

Higgsfield AI 2026 жылдың қазан айында  $1 миллиард табысқа шығуды жоспарлап отыр

Astana Hub негізін қалаушы Магжан Мадиев Telegram каналында Higgsfield AI компаниясының негізін қалаушыларының бірі Алекс Машрабовпен өткен ашық сұхбаттың нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Bugin.kz Digitalbusiness.kz-ке сілтеме жасап, хабарлайды. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Магжан Мадиевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ашық сұхбат Almaty Hub орталығында Silkway Accelerator жобасы аясында өтті. Бағдарламаны Google for Startups-пен бірге іске қосқан.
 
Магжан Мадиевтің мәлімдеуінше, Алекс Машрабов алғаш рет компанияның маңызды экономикалық көрсеткіштерін ашық бөліскен. Басты жаңалықтардың бірі - Higgsfield 2026 жылдың қазан айында 1 миллиардқа жетуді көздейді. Сонымен қатар компания екі жыл қатарынан «оң ақша ағынына» ие болып отырғанын атап өтті. Экономикалық көрсеткіштер жоғары есептеу жүктемелері мен видео генерациямен жұмыс істейтін жасанды интеллект стартаптары үшін сирек кездесетін табыс саналады.
 
Сондай-ақ Higgsfield клиенттерінің қатарында Fortune тізіміндегі 500 компания ішінен 390 компания бар екені айтылды. Компанияның ресми өнімді іске қосуы 2025 жылдың наурызында болған. 
 
AI компанияның стратегиясы өзге бәсекелес компаниялардан ерекшеленеді. Higgsfield — бірнеше жасанды интеллект модельдерін біріктіретін арнайы басқару қабаты болып табылады. Бұл пайдаланушыларға модель түрін білмей-ақ, ең үздік нәтижені алуға мүмкіндік береді. 
 
Магжан Мадиевтің айтуынша, стартап командасын ресми емес түрде «Pixar» деп атайды. Инженерлер мен креативті команда арасында тығыз ынтымақтастық болғандықтан, олар бірлесіп жұмыс істейді. Бұл платформа Astana Hub-тің өзінде де қолданылып, түрлі шаралар үшін видеороликтерді жылдам әрі тиімді жасауға мүмкіндік беруде.
 
Магжан Мадиев бастапқы кезеңде Higgsfield компаниясының көптеген бәсекелестері бірнеше жүз миллион доллар көлемінде инвестиция тартқанын айтты. Бірақ Higgsfield командасы нарыққа тәуелсіз өз инновациялық жолын таңдаған. Олар кәсіби контент жасаушылармен тығыз байланыс орнатып, видеомодельдердің қолданушыға камераны толық басқаруға мүмкіндік бермейтініне назар аударды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61